Алматыда жеңіл көлік автобуспен соқтығысты: Үш әйел қаза тапты

0
1 008

Тағы бір жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.


Алматыда жеңіл көлік автобуспен соқтығысты: Үш әйел қаза тапты

ERNUR.KZ. Алматыда Боралдай тасжолында жеңіл көлік автобуспен соқтығысып, салдарынан үш жолаушы әйел қаза тапты, деп жазады tengrinews.kz.

Телеарнаның мәліметінше, жол апаты Водник ауылының маңында болған.

Куәгерлердің айтуынша, Renault жүргізушісі батыс бағытта келе жатқан. Трудовик ауылына жақындағанда қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан № 15 бағыттағы автобуспен соқтығысып, автобус өзен жаққа қарай ұшып кете жаздаған.



Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш әйел (1960, 1978 және 1988 жылғы) жедел жәрдем көлігі келгенше оқиға орнында қаза тапқан. Renault көлігінің тағы бір жолаушысы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.