Алматыда жоғалып кеткен жас жігіт табылды

0
1 559

Оны ең соңғы рет 24-ақпан күні түнгі клубтың маңынан көрген.


Алматыда жоғалып кеткен жас жігіт табылды

ERNUR.KZ. Түнгі клубқа кетіп, артынша іс-түссіз жоғалып кеткен жас жігіт табылды, деп жазады Zakon.kz.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, Әйбек Қаниев дін аман. Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері оны ата-анасына тапсырған.

Жас жігіттің әкесі Facebook-те ұлының жоғалып кеткені туралы ақпарат жариялаған болатын. Оны ең соңғы рет 24-ақпан күні түнгі клубтың маңынан көрген.

Бұдан алдын алматылық жігіттің түнгі клубқа кетіп жоғалғаны туралы жариялаған болатынбыз.