Алматыда жолаушылар метрода қамалып қалды (видео)

0
539

Пойыз Алмалы мен Абай стансалары арасындағы туннельде тоқтап қалған.


Алматыда жолаушылар метрода қамалып қалды (видео)

ERNUR.KZ. Алмалы мен Абай стансалары арасындағы туннельде пойыз 15 минутқа тоқтап қалды. Оқиға видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп жазады ulysmedia.kz.

«Метрополитен» КМК баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Пойыз техникалық себептермен Алмалы мен Абай стансалары арасындағы туннельде тоқтап қалды. Қазіргі уақытта нақты себептері анықталып жатыр. Қосымша ақпарат берілетін болады. Пойыздар кестесі қалпына келтірілуде»,- деп хабарлады «Метрополитен» КМК баспасөз қызметінен.