Алматыда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

0
372

Пойыздар жүруге дайындалып жатқан.


Алматыда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

ERNUR.KZ. Алматыда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп жазады tengrinews.kz.

8 маусымда пойыздар жүруге дайындалып жатқан Алматы-2 станциясының техникалық паркінде маневрлік жұмыстарды орындау кезінде пойыз вагонының дөңгелегі ығысқан. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Пойызда жолаушылар болмаған.

"Тағы бір пойыз жедел ұйымдастырылып, кесте бойынша жөнелтілді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды", - деді ҚТЖ өкілдері.