Алматыдағы АИТВ дауы: Орталық клиникалық аурухана індет жұқтырған науқастармен келісімге келгені белгілі болды

0
833

Маусымның 14-і күні Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында (ЦҚА) АИТВ індетін жұқтырған үш адам анықталғаны белгілі болды.


Алматыдағы АИТВ дауы: Орталық клиникалық аурухана індет жұқтырған науқастармен келісімге келгені белгілі болды

ERNUR.KZ. Алматының Орталық клиникалық ауруханасында науқастардың АИТВ індетін жұқтыруына қатысты жанжал жалғасуда. Аталған ауруды жұқтырған науқастар мен дәрігерлер арасында мәміле жасалғаны белгілі болды, деп жазады ERNUR.KZ.

Денсаулық сақтау басқармасы мен Алматы полиция департаменті инфекцияға қатысты істің мән-жайын айтудан бас тартты. Сондай-ақ медиациялық келісімге сүйене отырып, емделмейтін дертті жұқтырған тұлғалардың аты-жөні мен лауазымы жарияланбайды.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Назгүл Иманғалиева ауру жұқтырған науқастармен медиациялық келісім жасалғанын хабарлады.

"Зардап шеккендермен есеп айырысу мәселесі құпия және үшінші тұлғаларға жариялауға рұқсат жоқ", - деді Назгүл Иманғалиева.

Маусымның 14-і күні Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында (ЦҚА) АИТВ індетін жұқтырған үш адам анықталғаны белгілі болды. Аталған факті бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті тексеру жүргізді.

Айтпақшы, Қазақстанда алғаш рет жаппай ВИЧ инфекциясы 2006 жылы орын алды. Одан кейін дәрігерлердің салғырттығынан 220 бала ауру жұқтырған. Дәрігерлер бірнеше рет бір реттік инелер мен флакондарды қолданған. Ал донор ретінде тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдар мен заңсыз көшіп келгендер алынды.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда қазір АИТВ-инфекциясын жұқтырған 31 мың азамат бар екенін хабарлаған болатын.

Сондай-ақ Алматыда маусым айында орталық ауруханаға түскен 5 науқас ем алу кезінде АИТВ жұқтырғаны және Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Нариман Табынбаев қызметінен босатылғаны туралы жазылған болатын.