Алматыдағы лай көшкіні: үйінді астынан жас жігіттің денесі табылды

0
219

Алдын ала мәлімет бойынша, үйлерде төрт адам болған, оның екеуі – балалар.


Алматыдағы лай көшкіні: үйінді астынан жас жігіттің денесі табылды

Алматыда лай басып қалған жерден бір адамның денесі табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Алматыда жылжыма түскен жерде жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйді балшық массасынан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде.

182 маман мен 32 техника жұмылдырылды. Жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмыс істеуде. Туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.

Алматы қаласы ТЖД және Республикалық жедел-құтқару жасағының күштерімен алдын ала ақпарат бойынша топырақтың батпақтануына байланысты техногендік сипаттағы жылжыманың түсуі салдарынан ғимараттың зақымдануы себебінен қаза тапқан алдын ала болжам бойынша 2007 жылғы жас жігіттің денесі табылды.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Ақпарат толықтырылады. Тек ресми деректерге сенуді сұраймыз
", - делінген ақпаратта.

Бұған дейін Алматыда топырақ көшкіні жүріп, екі үйге зақым келгені айтылды. Алдын ала мәлімет бойынша, үйлерде төрт адам болған, оның екеуі – балалар.