Алматыға кіреберісте 12 бекет қойылды

0
508

Бекеттер 22 шілдеге дейін тұрады.


Алматыға кіреберісте 12 бекет қойылды

ERNUR.KZ. Алматыға кіреберісте 12 бекет қойылды. Бұл тұрғындар қалаға қой алып келмеуі үшін жасалған шара, деп жазады Тengrinews.kz.

Бекеттер 22 шілдеге дейін тұрады.

Құрбандықты qurban2021.kz сайты арқылы қашықтан шалуға болады. Алматы мешіттерінің өкілдері тапсырыс берушінің атынан дұға жасап, етті жағдайы нашар адамдарға таратып береді.

"Пандемия біздің өмірімізге қалай әсер етсе де, меніңше, онлайн құрбан шалу - ең дұрыс шешім. Біріншіден, тапсырыс беруші уақыт өлтірмейді, денсаулығын сақтап, үйде отырады. Ал етті жағдайы нашар адамдарға еріктілер жеткізеді", - дейді Алматының бас имамы Төлеби Оспан.

Бірнеше сағат ішінде Алматы орталық мешітінің еріктілері 400 отбасына ет жеткізген.

"Бәрі карантин шарасының аясында: қасапшылар маска таққан, пышақ пен басқа да құралдар әр бес минут сайын дезинфекцияланады. Онлайн құрбан шалуға 784 өтініш келіп түсті. Мешіт өкілдері мен еріктілер олардың бәрін үш күн ішінде жеткізуге тырысады", - деді қасапшы Асан Әбиев.