Алматылық дәрігер Юрий Шумковтың өліміне қатысты іс сотқа жолданды

0
571

Дәрігер емделуші пациентінің қолынан қаза тапқан болатын.


Алматылық дәрігер Юрий Шумковтың өліміне қатысты іс сотқа жолданды

ERNUR.KZ. Белгілі дәрігер Юрий Шумковтың өліміне қатысты іс сотқа берілді, деп жазады inbusiness.kz.

"Аталған іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. Әзірге сот отырысы белгіленген жоқ. Істі қарайтын күн туралы қосымша хабарланады", - деп атап өтті қалалық соттың баспасөз қызметі.

Еске салсақ, биылғы 4 сәуірде Алматыда дәрігер емделуші пациентінің қолынан қаза тапты. Оны күдікті аңшы мылтығымен атып тастаған. Аса ауыр қылмыс қаланың Бостандық ауданында болған. Күдікті қалада енгізілген арнайы жоспар барысында Алатау ауданы аумағында ұсталды.