Алматылық әйел байқамай өз үйін өртеп жіберді

0
670

Көлік және ауладағы екі иті қоса өртеніп кеткен.


Алматылық әйел байқамай өз үйін өртеп жіберді

ERNUR.KZ. Қоқысты өртегісі келген алматылық әйел байқамай өз үйін, көлігін және көршінің гаражын өртеп жіберді, деп жазады 24.kz.

Төтенше жағдай Шухов көшесінде болған.

Зейнеткер ауладағы қоқысты өртемек болыпты. Кейін от үйдің кіреберісі мен қоршауына тиген. Салдарынан үй, және аулада тұрған автокөлік пен көршінің гаражы өртенген. Сондай-ақ көрші үйдің қасбеті мен шатырына да от тиген.

Екі ит тірідей өртеніп кеткен. Зардап шеккендер жоқ.