Алматылық жігіт тапа-тал түсте бейтаныс 2 адамды пышақтап кетті (видео)

0
504

20 жастағы жігіт токсикоман болып шықты.


Алматылық жігіт тапа-тал түсте бейтаныс 2 адамды пышақтап кетті (видео)

ERNUR.KZ. Алматы қаласының "Теректі" шағын ауданында ондаған пышақ жарақаты бар ер адамның өлі денесі табылды, деп жазады sputnik.kz.

Сарапшылар мәйітте 10 пышақ жарақатын анықтады. Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Шұғыл іздестіру шаралары барысында қылмыс куәгері табылды. Ол марқұмның досы болып шықты. Екеуіне бейтаныс бір жігіт пышақпен шабуыл жасаған.



Куәгердің денесінде жарақат болған. Бірақ пышақ қатты тимепті. Оның айтуынша, досымен бірге келе жатқанда алдынан жас жігіт шыққан. Мінез-құлқы да, жүріс-тұрысы да біртүрлі болды. Ойламаған жерден екі пышағын алып шығып, шабуыл жасады. Көп ұзамай, күдікті де қолға түсті.

20 жастағы жігіт токсикоман болып шықты. Бұрыннан бері уытты заттарды иіскеп жүр.

"Карб" иіскеп, одан кейін есімді жоғалтып, алдымнан шыққан екі адамды пышақтадым. Содан біреуін өлтіріп қойдым", - дейді күдікті.

Жігіт бұрын қарақшылық жасағаны үшін істі болған. Осы жолы Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша жауапқа тартылып отыр. 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.