Алматының орталығында қару-жарақ сақталған орын табылды

0
488

Қарулардың қандай да бір қылмыс жасауда қолданылған-қолданылмағаны сараптамалық зерттеу нәтижесінде анықталады.


Алматының орталығында қару-жарақ сақталған орын табылды

ERNUR.KZ. Алматының орталығында қару-жарақ сақталған орын табылды, деп жазады Polisia.kz.

Жедел арналар арқылы келіп түскен ақпаратты Алматы қаласы бойынша ҰҚКД және Бостандық аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері тексерді.

Импровизацияланған орыннан 4 атыс қаруы табылды.
Атап айтқанда, “Beretta Xtreme”, “Tikka T3x”, “Gamo FS 10x igt”, “Sako TRG”.

Тәркіленген қарудың нақты тиесілігі сот-баллистикалық сараптама арқылы анықталады. Сонымен қатар, бұл қарулардың қандай да бір қылмыс жасауда қолданылған-қолданылмағаны сараптамалық зерттеу нәтижесінде анықталады.