​Алтайда сирек кездесетін қар барысы видеоға түсіп қалды

0
1 604

Барыс видеоға алғаш рет осыдан екі жыл бұрын түсіп қалған болатын.


​Алтайда сирек кездесетін қар барысы видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Орыс географиялық қоғамы Алтайдағы "Сайлюгемский" ұлттық саябағында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды. Бұл туралы Орыс географиялық қоғамының сайтында айтылады, деп жазады Tengrinews.kz.

Юнчи атты қар барысы көктем шыққанда пайда болған. Сайттағы мәліметтерге қарағанда, жасы шамамен 5-7-де. Барыс видеоға алғаш рет осыдан екі жыл бұрын түсіп қалған болатын.


Ұлттық саябақта барлығы автоматтандырылған 11 фототұзақ бар екен. Оларды арнайы орнатқан. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, бұл аумақта барлығы шамамен осындай 7 000 жануар бар.