Алты қазақстандық әлемдегі ең бай адамдардың қатарына кірді

0
1 464

Forbes журналы әлемдегі ең бай адамдардың жаңа рейтингсін ұсынды.


Алты қазақстандық әлемдегі ең бай адамдардың қатарына кірді

ERNUR.KZ. Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай адамдардың 35-ші жыл сайынғы рейтингі жарияланды. Биылғы рейтингке қазақстандық 6 бизнесмен кірді. Олардың үшеуі алғаш рет тізімде бой көрсетті, деп жазады Stan.kz.

Forbes нұсқасы бойынша ғаламшардағы ең бай адамдардың тізіміне үш қазақстандық - Kaspi.kz негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломатдзе және Freedom Finance компаниясынан Тимур Турлов алғаш рет енді.

4,6 миллиард долларлық байлығымен Владимир Ким қазақстандықтар арасында бірінші, әлемдік тізімде 622-орынға ие болды. Оның байлығы өткен жылдан бері 3,7 миллиард доллардан 900 миллион долларға өсті, деп хабарлайды Forbes.kz.

Болат Өтемұратов қазақстандықтар тізімінде екінші, ал әлемде 891 орынды иеленді. Оның капиталы бір жыл ішінде 700 миллион долларға өсіп, 3,4 миллиард долларға жетті.

Отандық бизнесмендер арасында үшінші бай адам 3,3 млрд капиталы бар Kaspi.kz тең құрылтайшысы Вячеслав Ким болды. Ол бірінші рет әлемдік тізімге еніп, 925-ші орынға жайғасты. Оның Kaspi.kz-тегі үлесі 25% құрайды. Қазан айында Kaspi.kz Лондон қор биржасына кірді, орналастыру депозитарлық қолхаттарға (GDR) 33,75 АҚШ доллары көлемінде жүзеге асырылды. . Ал 2021 жылдың 6 сәуірінде бір GDR құны 75 долларға дейін өсті, компанияның нарықтық капитализациясы шамамен 13,9 миллиард долларға жетті.

Әлемдегі ең ауқатты төртінші қазақстандық бизнесмен және 956 орынды иеленген - Михаил Ломтадзе, оның байлығы 2,3 миллиард доллар. Ол Kaspi.kz-тің 23%-ына иелік етеді Ломтадзе - Грузия азаматы, бірақ оның капиталы Қазақстаннан шыққан, сондықтан ол әлемдік тізімге қазақстандық бизнесмен кірді.

Қазақстандықтар арасында бесінші және жаһандық тізімде 1 111 орынды Тимур мен Динара Құлыбаевалар бөлісті, әрқайсысына 2,8 миллиард доллардан. Бір жыл ішінде олардың байлығы өзгерген жоқ.

Алғаш рет тізімге капиталы 2,2 миллиард долларды құрайтын Тимур Турлов кірді, ол қазақстандықтар арасында алтыншы және әлемде 1 517-ге орынды иеленді. Қазан айында Тимур Турлов бақылау пакетін иеленген Freedom Holding Corp инвестициялық тобы NASDAQ Capital Market-ке шықты. Компанияның нарықтық капитализациясы 6 сәуірде 3,29 миллиардты құрады.

Енді Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай адамдарды атап өтейік.

Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос төртінші жыл қатарынан рейтингтің көшбасшысы болып қалып отыр. Оның байлығы 64 миллиард долларға, 177 миллиардқа дейін өсті.

Екінші орында - SpaceX пен Tesla акцияларына иелік ететін Илон Маск. Оның байлығы 151 миллиард долларға бағаланды. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 126,4 миллиард долларға көп. Былтырғы рейтингте ол 24,6 миллиард долларлық байлығымен 31-ші орынды иеленген.

Үздік үштікті Louis Vuitton moët Hennessy тобының президенті Бернард Арно 150 миллиард долларлық байлықпен түйіндеді. Журнал бір жыл ішінде оның байлығы екі есе өскенін атап өтті.

Төртінші орында Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс тұр, оның байлығы бір жылда 26 миллиард долларға өсіп, 124 миллиардқа жетті. Facebook басшысы Марк Цукерберг үздік бестік қатарында - оның байлығы 97 миллиард долларға бағаланды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 42,3 миллиардқа көп.

Алтыншы орында инвестор Уоррен Баффет тұр, байлығы - 93 миллиард доллар.

Биыл Forbes рейтингінде барлығы 2 755 миллиардер бар — бұл 2020 жылмен салыстырғанда 660 адамға көп. Олардың жиынтық байлығы рекордтық 13,08 триллион долларға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,08 триллионға көп. Рейтингке жаңадан келгендер - 493 адам. Тізімнен 84 адам шықты, оның 23-і қайтыс болған.