​«AMANAT» КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАЙДЫ

0
438

4,5 мың жасты кәсіпкерлікке оқыту мен жастар және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау туралы айтылды.


​«AMANAT» КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАЙДЫ

Партия алдағы бес жылда шағын және орта бизнесті қолдауға көңіл бөледі.

Бұл туралы партиялық тізім бойынша сайлауға түскелі отырған кандидаттардың тұрғындармен кездесуі барысында айтылды. Партия филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, Есімхан Бертаев және Нұрсұлтан Балабиев «Самал» автовокзалында болды.



Автобекет қызметкерлері және осында келушілермен жүздесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.


– Шымкентте 107 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі бар. Онда өздеріңіз сияқты 190 мыңға жуық адам жұмыс істейді. «AMANAT» партиясының бақылауымен 1,2 мың шағын және орта бизнес өкілін қолдауға жыл сайын бөлінетін қаражатты пайдаланудың тиімділігін қадағалайтын боламыз, 2023-2027 жылдары өз ісін бастаймын деген 9,5 мың азаматқа жыл сайын грант және 2,5 пайызбен микрокредиттердің ашық және әділ бөлінуіне атсалысамыз, – деді Шымкент қалалық мәслихатының депутаттығынан үміткер Жанар Бектаева.
Жиында, сонымен қатар, 4,5 мың жасты кәсіпкерлікке оқыту мен жастар және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында 2,1 мың кәсіпкерге қолдау көрсетілетіні туралы да айтылды.

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.