​AMANAT: САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ АВТОРЫ - ХАЛЫҚ

0
679


​AMANAT: САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ АВТОРЫ - ХАЛЫҚ

Бүгін "AMANAT” партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері Мақсат Толықбай мен Нұрсұлтан Байтілесов бастаған облыстық штаб өкілдері Бәйдібек ауданына барып, мемлекеттің алдында тұрған стратегиялық міндеттердің бірегейі ауыл шаруашылығын дамыту жайлы жобаларын ортаға салды. Аудан орталығы Шаян ауылындағы жиында алдымен Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттар сөз алып, тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

- Елімізде жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Дегенмен, бұл бағытта кемшіліктердің бар екендігі жасырын емес. Сондықтан, ертеңгі күні осы мәселені тағы да көтеру қажет болып отыр. Өйткені, ауыл шаруашылығы - ел экономикасының негізгі драйвері. Жайылым жеткілікті болса, шаруалардың тасы өрге домалайтыны сөзсіз, - деді Қалыйма Жантөреқызы өз сөзінде.

Сонымен қатар, кездесуде тұрғындар штаб өкілдеріне жайылым жетіспеушілігі, ауылдарды дамыту, журналистердің мәртебесін көтеру сынды мәселелерін жеткізді. Штаб өкілдері кездесу соңында партиялық жобалар аясында қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыру, кәсіпкерлікке баулу бағытында тиімді іс-шаралар атқарылатынын алға тартып, бәйдібектіктерді сайлауда "AMANAT” партиясын қолдауға шақырды.

Саяси доданың сайлауалды насихат жұмыстары жастарға да кеңінен түсіндірілуде. Республикалық штаб мүшелері Шаян ауылындағы орталық стадионда өңірдің белсенді жастары және спортшылармен жүздесті. Іс-шара барысында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, штаб өкілдері билік пен халық біріге жұмыс істегенде ғана жоспардың нәтижелі болатынын тілге тиек етті.

- Біз, "AMANAT” партиясының сенімді өкілдері бұл жерге қыдырып емес, сіздердің ұсыныс-пікірлеріңізді, мұң-мұқтаждарыңызды тыңдауға келдік. Ел қолдап, сайыста жеңіске жетсек, сол мәселелерді шешуге бар күшімізді саламыз. Біз алдағы 5 жылда сайлауалды бағдарламаға сәйкес, аудандағы апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешуді, жаңа спорт кешендерін салу және жастарды жұмыспен қамту шараларын жандандыруды қолға аламыз. Елімізде атқарылып жатқан реформалармен қатар, "AMANAT” партиясы да жаңғырып жатыр. Сайлауалды бағдарламамыздағы жобалар ел азаматтарының жағдайын жақсартуға арналған. Себебі, біздің негізгі мақсатымыз - елдің мұң-мұқтажы мен талап-тілегін қанағаттандырып, халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал ету. Сондықтан жарқын болашақ үшін алдағы саяси додада "AMANAT” партиясын қолдауға шақырамын, -деді кездесуде Қалыйма Жантөреқызы.

Әрмен қарай штаб өкілдері арнайы ауыл тұрғындары үшін қолға алынған,2,5 пайызбен несие алуға мүмкіндік беретін "Ауыл аманаты" жобасын таныстырды. Сонымен бірге, облыстық партия филиалынан Парламент Мәжілісіне кандидат атанған Шырынбек Оңғаров "AMANAT” партиясының негізгі мақсаты - мемлекет қолға алған барша істердің жүзеге асырылуына ықпал ету екендігін түсіндірді.


КӘСІПКЕР ӘЙЕЛДЕР МЕН КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ НАЗАРДАН ТЫС ҚЫЛМАЙДЫ

"AMANAT” партиясы республикалық сайлауалды штабының мүшелері Мақсат Толықбай, Нұрсұлтан Байтілесов, Қалыйма Жантөреева, облыстық штаб өкілдері Шырынбек Оңғаров пен Ерлан Әбдиев Бәйдібек ауданының кәсіпкер әйелдері және көпбалалы аналармен жүздесті. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылған кездесуде Мақсат Толықбай партияның атауы да, құрамы да жаңарғанын айтып, кәсіпкерлік саласында атқарылатын жұмыстармен таныстырды.

- Кез келген мемлекеттің дамуына кәсіпкерлер айрықша үлес қосады. Сондықтан біз "Ауыл аманаты" жобасын қолға алып отырмыз. Аталған жоба аясында тек қана ауыл тұрғындары үшін 2,5 пайызбен несие беріледі. Сонымен бірге, кәсіпкерліктің қыр-сырымен таныстырып, қаржылық сауаттылығын арттыру шараларын да жүргіземіз, - деді Мақсат Толықбай.

Сонымен бірге, облыстық штаб өкілі Ерлан Әбдиев партияның әрбір азаматтың сайлауалды бағдарламамен танысуы қажет екенін алға тартты.

- Біздің партияның бағдарламасында әрбір тұрғынның мәселесін шешу жолдары қарастырылған. Сондықтан онымен әрбір азамат жіті танысып, саналы түрде таңдау жасау керек, - деген ол тұрғындарды күш біріктіре жұмыс істеуге шақырды.

Ал, кездесуге қатысқан жергілікті жұртшылық кәсіпкер әйелдер мен көпбалалы аналар балабақшаға қаржы бөлу, мүгедектігі бар адамдарға қолдау көрсету және несие беруге қатысты ұсыныстарын білдірді. Тиісінше, штаб мүшелері барлық ұсыныс-пікір партия назарында болатынын айтты. Кездесу соңында жиынға қатысушылар алдағы сайлауда "AMANAT” партиясын қолдайтындықтарын жеткізді.


САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ АВТОРЫ - ХАЛЫҚ

Республикалық сайлауалды штабының мүшелерінің Бәйдібек ауданына іс-сапары орталық кітапханадағы ардагерлермен жүздесуге жалғасты. Жиында алғаш болып штаб мүшелері сөз алып, партияның жаңару үдерісін баяндап берді. Одан бөлек, сайлауалды бағдарлама аясындағы ауылдарды дамыту, халықтың табысын арттыру, тұрғындарды барлық қажеттілікпен қамту шаралары жөнінде ақпараттармен бөлісті.

- "AMANAT” партиясының сайлауалды бағдарламасының авторы - ХАЛЫҚ. Себебі, біз осы бағдарламаны түзетін кезде жер-жерді аралап, халықтың ұсыныс-пікірін жинадық. Сол талап-тілектер негізінде нақты 10 бағыттан тұратын бағдарлама құрылды, - деді кездесуде облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қалыйма Жантөреқызы.

Сондай-ақ, кандидаттар мен штаб мүшелері партияның бағдарламасы шеңберінде алдағы 5 жылда өңірде, соның ішінде Бәйдібек ауданында атқарылатын жұмыстармен таныстырды.

- "AMANAT” партиясы алдағы 5 жылда Түркістан облысының ауылдарында 57 сумен жабдықтаудың нысанын салып, таза ауыз сумен қамтылған ауылдардың санын 100 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Оның ішінде Бәйдібек ауданында 1 нысан салынады. Сонымен қатар, өңірдегі 100 ауылды көгілдір отынмен қамтуды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде Бәйдібек ауданында биыл 4, келесі жылы 10 және 2025 жылы 3 елді мекен табиғи газбен қамтылмақ, - деді Шырынбек Оңғаров өз сөзінде.

Ал, тағы бір өзекті мәселе тұрғындарды үймен қамтамасыз ету екендігін айтқан Ерлан Әбдиев облыста қазір 51 мыңнан аса азамат тұрғын үй кезегінде тұрғандығын жеткізді.

- Бұл мәселені шешу үшін алдағы 5 жылда облыс көлемінде 4,4 млн. м2 тұрғын үй салуды жоспарладық. Тиісінше, Бәйдібек ауданында бір көпқабатты тұрғын үй салынбақ, - деді ол.


САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ САЙРАМДА ЖАЛҒАСТЫ


“AMANAT” партиясының Республикалық штабы мүшелері мен Түркістан облысының бір топ кандидаттары, үгіт-насихат жұмыстарын Сайрам ауданында жалғастырды.

Сайрамдық жұртшылықпен кездесу үшін қоғамдық штаб жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, республикалық штаб мүшелерінен Қамзабекұлы Дихан, Ринат Зайтов, Мәжіліс депутаттығына үміткер Әбдібақыт Мақұлбаев, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Нұржан Аширов пен Жанар Темірбекова партияның өңірлерді дамытуға бағытталған жүйелі бағдарламасымен таныстырды.

Басқосуға жиылған аудан тұрғындарының алдында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Жанар Темірбекова, жастардың және қоғамның сенімі туралы сөз етті. Ал, Республикалық штаб мүшесі Ринат Зайытов, сайлауға барша тұрғынның бірдей барып атсалысу керектігін, өз қолдарымен барып әділ сайлауөтуіне ықпал жасауға шақырса, Мәжіліс депутаттығына үміткер Әбдібақыт Мақұлбаев, қоғамда өзекті болған «жалақы»мәселесін тілге тиек етті. Халықтың күн көріс мәселесін көтеру, жоғарғы жалақы сынды проблемалар партияның бағдарламасында қамтылған деп түйіндеді өз сөзін.

Түсіндірме жұмыстарынан кейін, партия бағдарламасына қызығушылық танытып көкейде жүрген сауалдарын жолдады. Соның бірі, 2,5 пайызбен берілетін несие. Яғни, жұмысы жоқ халықтың бұл несиеге қалай қол жеткізуге болатынын және кәсіп ашу үшін қандай талаптардың бар екендігін сұрады. Облыстық штабтың мүшесі Жандос Әзімбай, бағдарлама аясында несиенің берілу жолдары мен кімдерге қолжетімді екендігін түсіндіріп өтті.

- «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасы 4 бөлім, 132 іс-шарадан тұрады. Оның ішінде қоғамдағы барлық мәселелерді шешу жолдары қарастырылған. Мәселен, алдағы 5 жылда партия өңірімізде 65 жаңа мектеп пен 7 спорт кешенінің салынуына, тұрғындарды 100 пайыз сапалы ауызсумен қамтуға, табиғи газбен қамту көрсеткішін 75 пайыздан асыруға ықпал етеді. 11 ірі кәсіпорынның ашылып, 143 мың жұмыс орнының құрылуына атсалысады. Қазір халықтың көзі ашылып, талабы да күшейіп келеді. Тиісінше, біздің бағдарламамыз сол талап-тілектер негізінде құрылып отыр. Біздің мақсат - халықтың өмір сүру сапасын арттыру, - деді кездесуде сөз алған Алтынсары Дүйсенбекұлы.


“AMANAT”-ТЫҢ БАСТАМАСЫМЕН ШАРУАЛАРДЫ ҚОЛДАУҒА 2,5 ПАЙЫЗДЫҚ НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

Халық аманатын арқалаған "AMANAT" партиясының аудандық штаб мүшелері Д.Қамзабек, Р.Зайытов, А.Үмбеталиев, Ә.Мақұлбаев, Ж.Темірбекова, Н.Аширов, Ж.Әзімбай әрмен қарай Қазығұрт ауданына табан тіреді. Бұқараның барын бағамдап, жоғын түгендей білетін белсенді азаматтар көпшілікке сайлауалды бағдарламаны таңдаудың тиімді тетіктерін кеңінен түсіндірді. Кездесу барысында республикалық штаб мүшелері мен партия атынан ұсынылған кандидаттар сөз алды. Штаб төрағасы партияның алдағы саяси науқаны жайлы түсіндіріп, қоғам қазанында кеңінен қаузалған мәселердің шешімі «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында айқын көрініс тапқанын тілге тиек етті.

Насихат тобы әуелі Қазығұрт ауданы Сарапхана ауылындағы мал базарға барды. Онда ауыл тұрғындары және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтармен тілдесті. Жүздесуде партияның ауыл-аймақтың әлеуетін көтеруге бағытталған “Ауыл аманаты”, “Жер аманаты” сынды жобалары таныстырылды.

«Алда ел тарихындағы үлкен саяси науқан, маңызды сәт күтіп тұр.19 наурыз күні сайланбалы мемлекеттік органдардың мерейін арттырып, "Мықты Президент-ықпалды Парламент-есеп беретін Үкімет" қағидатын іске асырудың нақты механизмі болатын сайлау өтеді. Кезектен тыс мәжіліс пен мәслихаттарға депутаттар сайлауының өткізілуі - конституциялық реформалардың жалғасуы. Ұзақ уақыттан кейін сайлау аралас жүйесі бойынша өтеді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және біздің елімізде демократияның дамуы осы әділдік пен ашықтыққа байланысты екендігі - Президентіміздің алға қойған талаптары. Бұл - депутаттыққа үміткерлерге де саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Алдағы сайлау жаңа Конституциялық өзгерістер негізінде жүзеге асады. Дауыс беру арқылы еліміздің азаматтары өздерінің қолдау білдіретін партиялары мен саясаткерлерін таңдай алады. Осы ретте алдағы саяси науқанда баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытып, мәжіліс пен мәслихат сайлауына белсене қатысуға шақырамын», - деді Алтынсары Дүйсенбекұлы.

“Партияның бастамасымен ауыл шаруашылығы саласын қолдауға арналған 2,5 пайызбен несие беретін «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылды. Биыл бағдарламаға республика бойыншс 125,8 млрд теңге бөлінсе, оның 11 млрд теңгесі Түркістан облысына бөлініп жатыр. Біз қосымша тағы 14 млрд теңге сұратып жатырмыз. Жеңілдетілген несие Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ пен Тұрбат ауылдық округтері тұрғындарына да беріледі”, - деді “AMANAT” партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Дүйсенбекұлы.

«Сонымен қатар, біз капиталды халыққа қайтаруды – жерді халыққа қайтарудан бастаймыз. Өткен жылы республика бойынша «Жер аманаты» жобасы аясында 5 млн. гектардан астам жайылым жер қайтарылды. Оның 1 миллионнан астамы Түркістан облысына тиесілі. Ал, Қазығұрт ауданында 69 мың га жайылым жер қайтарылған.Біз алдағы 5 жылда қосымша490 мың га жерді қайтаруға ниеттіміз. Оның ішінде 2023 жылы Қазығұрт ауданы бойынша 10 мың га жер қайтарылатын болады. Сонымен қатар, пайда мен кірісті күйттеп, табиғи байлығымызды, жерімізді құрбандыққа шалмауымыз керектігі партия бағдарламасында айқын көрініс тапқан басым бағыттардың бірегейі. Экологиялық қауіпсіз мемлекет – ұлт салауаттығы мен тұрақты дамудың кепілі, сондай-ақ біздің басты миссиямыз” , - деді кездесуде сөз алған штаб мүшелері.

“AMANAT” партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев бастаған бір топ республикалық және облыстық штаб мүшері әрмен қарай Қазығұрт ауданындағы Жаңабазар ауылының ақсақалдарымен кездесті.

Қазығұрттық жұртшылықпен кездесу үшін республикалық штаб мүшелерінен Қамзабекұлы Дихан, Ринат Зайтов, Мәжіліс депутаттығына үміткер Әбдібақыт Мақұлбаев облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Нұржан Аширов пен Жанар Темірбекова және облыстық штабтың мүшесі Жандос Әзімбайпартияның өңірлерді дамытуға бағытталған жүйелі бағдарламасымен таныстырды.

«Біздің Тірегіміз – Тәуелсіздік, тілегіміз – Әділет, бағдарымыз – Бірлік! Ендеше ел аманатын арқалайтын ауыр жолда бірге болайық”,- деді штаб мүшелері.

Жиынға келген ауыл ақсақалдарының біршамасы партия бағдарламасы аясында берілетін 2,5 пайыздық несие бойынша сұрақтар ортаға салды. Облыстық штаб мүшесі Жандос Әзімбай өңір қарияларына несие алу тиімділігін айтып, жай-жапсарымен таныстырды. Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттығына үміткерлер қазығұрттық ақсақалдардың ақ батасын алып, 19 наурыз күні сайлаудан шет қалмауға шақырды.


Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.