Америкалық компания Қазақстандағы зауыттың иесі болды

0
288

Осыған дейін компания "Трансмашхолдинг" АҚ-мен акциялардың жартысына ие болған.


Америкалық компания Қазақстандағы зауыттың иесі болды

ERNUR.KZ. Америкалық Wabtec компаниясы енді Қазақстандағы "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ локомотив құрастыру зауытының жалғыз иесі атанып, акцияларын толығымен бақылайтын болды, деп жазады tengrinews.kz.

Былтырғы қазан-желтоқсандағы есептерге сәйкес, Wabtec ЛҚЗ акцияларының тағы 50 пайызын 81 миллион долларға сатып алды. Осыған дейін компания "Трансмашхолдинг" АҚ-мен акциялардың жартысына ие болған.

"Бұл қадам 2023 жылдың қарашасында Қазақстанда өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылғаннан кейін жасалды. Осы құжаттарда көрсетілген барлық мәміле орындалған жағдайда Wabtec-тің Қазақстанға жабдықты жеткізуден түсетін пайдасы 2 миллиард доллар болады деп күтіледі", - деп жазды портал.

Өз кезегінде Қазақстанның ұлттық теміржол компаниясы ҚТЖ 240 Wabtec локомотивін сатып алу үшін америкалық Citibank-тен 900 миллион доллар қарыз алып, локомотив паркінің 15 пайызын жаңартуды жоспарлап отыр.