Апатқа ұшыраған пойыз: Шудағы ауруханада 48 жастағы елордалық жатыр

0
1 445

Зардап шеккен Астана тұрғынының екі аяғы сынып, ем қабылдап жатыр.


Апатқа ұшыраған пойыз: Шудағы ауруханада 48 жастағы елордалық жатыр

ERNUR.KZ. Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінің дерегі бойынша, пойыздың апатқа ұшырауы салдарынан зардап шегіп, түрлі жарақаттармен Шу аудандық орталық ауруханасына жеткізілген жолаушылардың біреуі ғана медицина мекемесінде қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінің дерегі бойынша, түрлі жарақаттармен Шу аудандық орталық ауруханасына 14 жолаушы жеткізілді. Қазір емдеу мекемесінде 48 жастағы Астана тұрғынан басқасы өз еріктерімен ауруханада шыққан. Зардап шеккен Астана тұрғынының екі аяғы сынып, ем қабылдап жатыр, деп түсіндірді өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Сәуле Мунатаева.

Сондай-ақ, науқастың жеке мәліметтері жарияланбайтыны аталып өтілді. Еске сала кетсек, Астанадан Алматыға бара жатқан жолаушылар пойызы апатқа ұшыраған болатын. Сәл кейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Астана-Алматы» бағытында қатынайтын пойыздың апатқа ұшырауына қатысты ресми мәлімдеме жасап, оқиғаның шығу себебін тексеретін арнайы комииссия құрылғанын жария еткен еді.