Әр өңірге қажетті дәрі-дәрмек санын білмейміз – Сағынтаев

0
1 153

"Осы мәселені, Елжан Амантайұлы, мұқият қадағалаңыз"


Әр өңірге қажетті дәрі-дәрмек санын білмейміз – Сағынтаев

ERNUR.KZ. ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев бүгінгі Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен өңір әкімдеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Жалпы көрсетілген көрсеткіштер бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ілгерілеушілік бар, дегенмен де қызыл деңгейде қалып кеткен облыстар жұмыстарын жетілдіру қажет, әрине. Елжан Амантайұлы өзінің баяндамасында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін айтып кетті. Біз мұны есепке алмай, дәрі-дәрмектерді өте көп мөлшерде сатып аламыз. Цифрландыруға көшкен кезде оның Қазақстан бойынша негізгі бөлініп жатқаны 35 пайыз ғана төмендеп отыр. Яғни біз қаншалықты қажеттігін білмейміз, артық ақша жұмсап сатып аламыз, оның бәрін қоймаға жинаймыз, артынан сонда артық қаржының шығыны шығып отыр. Яғни біз әр өңірге қажетті дәрі-дәрмек санын білмейміз. Қай дәріге, қай ауруханадан, емханадан өтінім қалай түсті сол қалпында қарастырамыз. Міне, Қызылорда, Маңғыстау облыстары 50 пайызға алмай отыр, яғни артық дәрі кеткен. 1 млрд теңгеге дейін облыстарда шығып жатыр. Осы мәселені, Елжан Амантайұлы, мұқият қадағалаңыз», - деді Үкімет басшысы.