Арнайы әскери қызметкерлер күні мерекелік күндер тізіміне енді

0
411

9 маусым мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің және қызметкерінің күні ретінде аталып өтетін болды.


Арнайы әскери қызметкерлер күні мерекелік күндер тізіміне енді

ERNUR.KZ. Үкімет Қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесіне жаңа дата енді, деп жазады ҚазАқпарат.

Премьер-Министрдің ресми сайтында «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулы жарияланды.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 11-2-тармақпен толықтырылсын: «11-2. Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің және қызметкерінің күні – 9 маусым». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі», - деп жазылған құжатта.

Осылайша, бұдан былай 9 маусым мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің және қызметкерінің күні ретінде аталып өтетін болды.