​Арыстанбек Мухамедиұлы: Голливудтың продюсерлері Бурабайға қызығушылық танытты

0
2 435

Сіздің тапсырмаңыз бойынша, әрі сіздің АҚШ-қа сапарыңыз аясында және Қауіпсіздік кеңесінің хаттамасына сәйкес Қазақстандағы киноиндустрия саласына шетелдік инвесторларды тартуға кірістік.


​Арыстанбек Мухамедиұлы: Голливудтың продюсерлері Бурабайға қызығушылық танытты

ERNUR.KZ.ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа АҚШ-тың кино өндірушілері Бурабайға қызығушылық танытқанын айтты, деп жазады Baq.kz.

«Сіздің тапсырмаңыз бойынша, әрі сіздің АҚШ-қа сапарыңыз аясында және Қауіпсіздік кеңесінің хаттамасына сәйкес Қазақстандағы киноиндустрия саласына шетелдік инвесторларды тартуға кірістік. 1 шілде күні «Еуразия» кинофестивальіне халықаралық деңгейдегі киноиндустрия саласының топ-менеджерлері қатысты. Оның ішінде Universal Pictures компаниясының вице-президенті де бар», - деді министр Мемлекет басшысына Щучье қаласындағы халықаралық «Бурабай» шаңғы базасында болған кездесуде.

Осы орайда Арыстанбек Мұхамедиұлы шетелдік кино өндірушілер Бурабайға қызығушылық танытқанын атап өтті.

«Сіздің арқаңызда Голливуд жұмыс істеуге дайын екенін айтты. Әрине, мұндай серіктестік имидждік беделді арттыруға, әрі экономикалық жағынан мультипликативті әсерін береді. Голливудтық сарапшылар Алматы өңірінен басқа Бурабай, Сарыарқа сынды ерекше жерлерге қызығушылық танытты», - деді ол.

Осы орайда министр шетелдік кино өндірушілер елімізде жұмыс істеуі үшін заң деңгейінде тиісті жұмыстар жүргізілу қажеттігін мәлім етті.

Бұл мәселені реттейтін заң жобасы қазіргі таңда Үкіметтің қарауында жатыр.

«Заңдағы норма шетелде кеңінен қолданылады. Голливуд үшін бұл өте маңызды. Себебі, осы норма арқылы олар қазақстандық киноға инвестиция тарта алады», - деп түйіндеді сөзін Арыстанбек Мұхамедиұлы.