​Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды

0
685

260 миллион теңгеден астам шығын келтірді деген күдікке ілінген.


​Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды

ERNUR.KZ. Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдікті «Ш»-ны аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадициялады.

Ол 2010 жылы танысын алдау жолмен банктік несие алу үшін кепілдік беруші ретінде әрекет етуге көндірген және ақша қаражатын алғаннан кейін жасырынып, жәбірленушіге 260 миллион теңгеден астам шығын келтірді деген күдікке ілінген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, 10 жылдай халықаралық іздеуде болған.

Өткен жылдың соңында ол Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.