Ashyq қосымшасы қашан қайта іске қосылуы мүмкін

0
389

Бір жарым жыл ішінде барлық шектеулер алынып тасталды.


Ashyq қосымшасы қашан қайта іске қосылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова Ashyq қосымшасының жұмысына қатысты түсінік берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бір жарым жыл ішінде барлық шектеулер алынып тасталды. Сондықтан Ashyq бағдарламасы қолданылып жатқан жоқ», - деді А. Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, климаттың өзгеруі және басқа да факторлар жаңа ауру қоздырғыштарының пайда болуына ықпал етуі мүмкін. Әлемде немесе елімізде індеттің таралу қаупі болса, Ashyq сияқты бағдарламаны қайтадан іске қосу мүмкіндігі қарастырылуы ықтимал.