​Ashyq: «Жасыл» мәртебе екпе алмағандарға да қолданылады

0
534

Бұған дейін тек екпе алғандарға берілген Ashyq қосымшасындағы «жасыл» мәртебе енді екпе алмағандарға да қолданылады.


​Ashyq: «Жасыл» мәртебе екпе алмағандарға да қолданылады

иллюстрациялық фото

Бірақ барлығына бірдей емес. Ол үшін қолыңызда вакциналаудан босататын дәрігердің арнайы рұқсаты болуы тиіс, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Карантин талабының қатаңдығы екпе алмағандардың аяғын тұсап келеді. Естеріңізде болса бұған дейін олардың санаторий, фитнес-орталық, кинотеатр, сауда орындары сынды түрлі объектілерге кіруіне тыйым салынған.

Енді сол талап жеңілдетіліп, вакцина алмағандарға да кез келген объектіге еркін кіру мүмкіндігі бұйырады. Тек тиісті медициналық талапты сақтауы шарт. Бірақ бұл азаматтарға уақытша берілген мүмкіндік екендігін ұмытпағаны жөн.

"«Ашық» қосымшасындағы «жасыл» мәртебесі кез келген азаматтың ПТР-тестілеуден өткенін, COVID-19 теріс нәтиже беретінін растайтын құжат. Сондықтан мұндай мәртебе екпе алмауға белгілі себебі бар азаматтарға берілгелі отыр. Бұл қолжетімділікті арттырады. Бірақ медициналық дәлелдемелердің мерзімі аяқталғаннан кейін олар міндетті түрде екпе алуы тиіс", - дейді Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова.