Асқар Мамин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

0
292

Үкімет басшысы «Спутник V» вакцинасын салдырды.


Асқар Мамин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин биылғы 21 маусымда жұмыс күні аяқталғаннан кейін коронавирусқа қарсы вакцина алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысы Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған «Спутник V» вакцинасын салдырды.

Асқар Маминнің вакциналаудан кейінгі жағдайы жақсы, ешқандай жанама әсерлері болған жоқ.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 2,8 млн-нан астам адамға - бірінші компонент, 1,7 млн-нан астам тұрғынға - екінші компонент егілген.