Асқар Мамин Премьер-Министрдің міндетін уақытша атқарады

0
1 521


Асқар Мамин Премьер-Министрдің міндетін уақытша атқарады

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметті тарату жөніндегі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Асқар Ұзақбайұлы Маминге жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі”, - делінген Ақорданың хабарламасында.