Асқар Мамин Ресейдің Достық орденімен марапатталды

0
301

Үкімет басшысы ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатталды.


Асқар Мамин Ресейдің Достық орденімен марапатталды

ERNUR.KZ. Қазақстан Ресубликасының Үкімет басшысы Асқар Мамин Ресей елінің Достық Орденімен марапатталды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамин Асқар Ұзақбайұлы Достық Орденімен марапатталсын», - делінген Ресей Федерацисы Президентінің 05.06.2021 жылғы «Ресей Федерациясының мемлекеттік наградаларымен мапараттау туралы» № 340 Жарлығы мәтінінде.