Әскери колледжді үздік аяқтағандар жоғары әскери оқу орындарына бірден екінші курсқа түседі

0
246

Кәсіпқой сержанттарды даярлау ҚР Қарулы Күштері үшін талап етілетін үш мамандық, төрт біліктілік бойынша жүзеге асырылады.


Әскери колледжді үздік аяқтағандар жоғары әскери оқу орындарына бірден екінші курсқа түседі

ERNUR.KZ. Әскери колледжді үздік аяқтағандар жоғары әскери оқу орындарына бірден екінші курсқа түседі, деп жазады inbusiness.kz.

Әскери колледжге (Астана қ.) оқуға түсетін жылы 15 жасқа толған, бірақ 17 жастан аспаған, 9-шы сыныпты аяқтаған жасөспірімдер қабылданады. Оқу мерзімі 2 жыл 10 айды құрайды.

Кәсіпқой сержанттарды даярлау ҚР Қарулы Күштері үшін талап етілетін үш мамандық, төрт біліктілік бойынша жүзеге асырылады.

Астана қ. Әскери колледжінің бастығы полковник Ғазиз Түлеушевтің айтуынша, оқуды бітірген азаматтар "кіші сержант" әскери атағын, "В" және "С1" санатындағы жүргізушілерді даярлау курстарын аяқтағаны туралы куәлікті алады және әскери бөлімдерге 100% жұмысқа орналасады.

"Әскери колледжде оқуды үздік аяқтаған азаматтар жоғары әскери оқу орындарына бірден екінші курсқа түсуге құқылы және қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша оқуын жалғастырады. Колледжден кейін әскери институттарға түсетін азаматтар колледжде оқу кезеңінде өткізілетін рейтингтік іріктеу нәтижелері бойынша ҰБТ тапсырмай қабылданады", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.