Әскери-техникалық мектепке тегін оқуға қабылдау басталды

0
1 731

Филиалда Қарулы күштерді жасақтау қажеттілігіне қарай әскери жүргізушілерді даярлау жоспарланған. Оқу мерзімі – үш ай.


Әскери-техникалық мектепке тегін оқуға қабылдау басталды

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық мектебінің Алматы филиалында тегін оқуға қабылдау басталды, деп жазады baq.kz.

Филиалда Қарулы күштерді жасақтау қажеттілігіне қарай әскери жүргізушілерді даярлау жоспарланған. Оқу мерзімі – үш ай. Мектеп түлектері "В", "С" және "С1" санатындағы жүргізуші куәлігін алып шығады.

Заң бойынша "С" санаты бойынша автокөлік құралын жүргізу құқығы 21 жастағыларға ғана беріледі. Ал жергілікті әскери басқару органының жолдамасы бойынша біздің мектепті бітірген жастарға мұндай мүмкіндік 18 жасында беріледі, – дейді филиал директоры, полковник Мирас Жылгелдин.

Оқу кезеңінде курсанттар мемлекет есебінен тұрғылықты жермен, тамақпен және киім-кешекпен қамтамасыз етіледі.

Биылғы 60-тан астам адам білім алады. Осылайша, Қарулы күштер қызметке дайындалған әскери-техникалық бейіндегі мамандарды толықтырады.