Астана әуежайы ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 рейсті тоқтатты

0
859

Әуежай басшылығы ұшу-қону жолағындағы күрделі метеорологиялық жағдайды атап өтті.


Астана әуежайы ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 рейсті тоқтатты

ERNUR.KZ. Астана халықаралық әуежайы ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 рейс тоқтатылғанын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.


Әуежай басшылығы ұшу-қону жолағындағы күрделі метеорологиялық жағдайды атап өтті. Соған сәйкес мына бағыттағы рейстерді тоқтатылған:

  • LH 646 Астана-Франкфурт
  • KC 7319 Астана-Қызылорда
  • KC 956 Астана-Алматы
  • KC 992 Астана-Алматы
  • TK 355 Астана-Стамбул
  • IQ 407 Астана-Шымкент
  • KC 345 Астана-Өскемен
  • 5W 788 Астана-Абу-Даби
  • KC 762 Астана-Алматы

31 желтоқсанда Астана халықаралық әуежайында барлығы 112 рейс жоспарланған.

Метерологтар елордадағы ауа райының қолайсыздығын хабарлаған болатын.

Еске салсақ 31 желтоқсан күні шаһарда ауаның ластану деңгейі жоғарылайтыны да ескертілді.