Астана әуежайында не өртенді: видео пайда болды

0
582

Бұған дейін Астана халықаралық әуежайының терминалында өрт шыққаны белгілі болған еді.


Астана әуежайында не өртенді: видео пайда болды

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрлігі Астана әуежайындағы өрттің шығу себептерін айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Бұған дейін Астана халықаралық әуежайының терминалында өрт шыққаны белгілі болған еді. Түтіннің салдарынан жолаушылар ғимараттан эвакуацияланды.



Төтенше жағдайлар министрлігі терминалдың электр қалқанында өрт шығып, түтін шыққанын хабарлады. Өрт 10-15 шаршы метр электр сымдарын шарпыған, бұл №2 терминалдың серверлік бөлмесінде болған. Өрт 08:24-те сөндірілді.