Астана қаласында таңнан бері 40 жол апаты тіркелді

0
804

Бұл туралы Астана қаласының Полиция департаменті мәлімдеді.


Астана қаласында таңнан бері 40 жол апаты тіркелді

ERNUR.KZ. Астанада ауа райының күрт нашарлауына және жауын-шашынға байланысты полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларына барынша мұқият және сақ болуға шақырады, деп жазады inbusiness.kz.

"Таңнан бері Елордада 40 жол-көлік оқиғасы тіркелді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты, маневр ережелерін және бүйірлік аралықты қатаң сақтауды талап етеді.

"Көлік жүргізушілері шұғыл маневрлер мен тежеу жасаудан бас тартуы қажет. Сондай-ақ, рульде гаджеттерді пайдаланбаңыздар. Жол ережелерін елемеу, атап айтқанда жылдамдық режимін сақтамау қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Күндізгі жарық азайғанда қауіп арта түседі. Жаңбырлы ауа-райында көріну шектеулі болатынын еске саламыз", - деп атап өтті Полиция халыққа үндеуінде.

Еске сала кетейік, 22 қарашада жаңбыр, дауылды жел және көктайғаққа байланысты Астанадан шығатын барлық жолдар жабылды.