Астана маңындағы қураған шөптің өртін сөндіру жалғасып жатыр

0
462

Өртті сөндіру басталғаннан бері авиация өрт ошақтарына 149 рет қатынап, көлемі 447 тонна су төкті.


Астана маңындағы қураған шөптің өртін сөндіру жалғасып жатыр

ERNUR.KZ. Елордалық ТЖД өрт сөндірушілері 80 гектар аумақта құрғақ шөптің өртенуін сөндіруді жалғастыруда, деп жазады ҚазАқпарат.

Өртті сөндіру басталғаннан бері авиация өрт ошақтарына 149 рет қатынап, көлемі 447 тонна су төкті.
20 маусым күні сағат 20:16-да Қарағанды және Ақмола облыстарының ТЖД күштері мен құралдары үйлеріне кетті.

Сөндіруге қазіргі уақытта барлығы 34 адам, 8 бірлік техника жұмылдырылды.

Қала әкімдігі еріктілермен бірлесіп өртті сөндіруге қатысушылар үшін тамақ беру жұмысын ұйымдастырды.