Астана мен алты облыста жылу беру маусымы басталды

0
271

Ең алдымен әлеуметтік нысандарға жылу беріледі.


Астана мен алты облыста жылу беру маусымы басталды

ERNUR.KZ. Қазақстанның бірнеше өңірінде жылу беру маусымы басталды, деп жазады sputnik.kz.

Ведомство ақпаратынша, ең алдымен, әлеуметтік нысандар жылуға қосылады.
"Бүгінгі таңда жылу берумаусымы Астана қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында басталды", - делінген хабарламада.
ШҚО-ның Риддер қаласында 24 әлеуметтік нысанның 23-і немесе 96%-і қосылған. Тұрғын үйлерге ыстық су берілді. Павлодар облысының Екібастұз қаласында 90 әлеуметтік нысанның 26-сынемесе 28,8%-і, ал Астана қаласында 240 әлеуметтік нысанның 86-сынемесе 35,8%-і қосылған.
Қалған өңірлерде жылу беру маусымы қашан басталады:
3 қазанда – Алматы облысында;
10 қазанда – Ұлытау облысында;
15 қазанда – Алматы, Абай облысында, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында;
20 қазанда – Шымкентте;
25 қазанда – Түркістан облысында.