Астана мен Қарағандыда ауа райына байланысты мектептегі сабақ тоқтатылды

0
475

Ауа райының күрт суытуына байланысты Астана, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Саран қалаларында таңертең оқитын оқушылар сабақты онлайн түрде өтпек.


Астана мен Қарағандыда ауа райына байланысты мектептегі сабақ тоқтатылды

ERNUR.KZ. Астана қаласы мен Қарағанды облысында оқушылар бүгін мектепке бармайды, деп жазады exk.kz.

Ауа райының күрт суытуына байланысты Астана, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Саран қалаларында таңертең оқитын оқушылар сабақты онлайн түрде өтпек.

Астанада аяздың көтерілуі салдарынан 0-9 сыныптар арасында сабақ өтпейтін болса, өзге қалаларда 0-5 сыныптар босатылған.

Бүгін Теміртау қаласында 0-5 сыныптар қашықтан оқуға кірісті. Аяздың күшеюінен кейін білім бөлімі таңертең және түстен кейін оқитын сыныптарға үйден сабақ оқуға шешім қабылдады.

Теміртау қалалық білім бөлімі ата-аналар қолайсыз ауа райы жағдайында баланы мектепке жіберуді өздері шешетінін мәлімдеді.