Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі басталды

0
2 511

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне 15 жыл


Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі басталды

ERNUR.KZ. Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі басталды, деп хабарлайды Baq.kz.

Діни көшбасшылар кеңесінің үшінші отырысын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ашты. Аталған отырыстан кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлемді жақтайды» тақырыбында жалпы отырыс өтеді.

Съез екі күнге жалғасады. Съезд жұмысына барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері, беделді діни көшбасшылар,саяси қайраткерлер мен халықаралық ұйым өкілдерінен құралған 46 елден 82 делегация қатысып отыр.

Съезд төрт негізгі бағыт бойынша өтеді. Олар: 1-ші секциялық отырыс. «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі» жаһандық қауіпсіздік тұжырымдамасы ретінде».

2-ші секциялық отырыс. «Құбылмалы геосаясат жағдайындағы діндер: адамзатты біріктіруге арналған жаңа мүмкіндіктер».

3-ші секциялық отырыс. «Дін және жаһандану: сын-тегеуіріндер мен жауаптар».

4-ші секциялық отырыс. «Дін көшбасшылары мен саяси қайраткерлер экстремизм мен терроризмді еңсеру жолында».

Еске сала кетсек, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі алғаш рет Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде шақырылған болатын.