Астанада әскери қызметші мұз астына құлап кеткен баланы құтқарды

0
1 098

2013 жылғы бала мұз астына түсіп кеткен.


Астанада әскери қызметші мұз астына құлап кеткен баланы құтқарды

ERNUR.KZ. Астанада Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшісі өзендегі мұз астына түсіп қалған баланы құтқарды, деп жазады ҚазАқпарат.

«2023 жылы 18 наурыз күні кешке «Алатау» спорт кешеніне бет алған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметкері М.Розақов Ақбұлақ өзенінің жағалауынан көмек сұраған дауысты естіді. Көпірге жүгіріп шыққан ол өзенде мұз астына түсіп кеткен 2013 жылғы Р.Фатоевты көреді. Әскери қызметкер дер кезінде әрекет етіп, баланы судан алып шықты. Әскери қызметкер әйелінің шақыртуымен келген жедел жәрдем бригадасы баланы спорт кешенінің ғимаратында қарап шықты, содан кейін ол туысымен бірге қалалық медициналық мекемеге қосымша тексеру үшін жеткізілді», - деп хабарлады Мемлекеттік күзет қызметінен.