Астанада асыл тұқымды қошқарлар мен ешкілердің ұрықтарына аукцион өтеді

0
689

12-14 қазанда Астанада Орталық Азиядағы ең ірі KazAgro/KazFarm-2022 агроөнеркәсіптік көрмелері өтеді.


Астанада асыл тұқымды қошқарлар мен ешкілердің ұрықтарына аукцион өтеді

Астанадағы «KazAgro/KazFarm-2022» көрмелерінде асыл тұқымды қошқарлар мен ешкілердің ұрықтарына аукцион өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

12-14 қазанда Астанада Орталық Азиядағы ең ірі KazAgro/KazFarm-2022 агроөнеркәсіптік көрмелері өтеді. Халықаралық деңгейдегі шараға 20-дан астам елден 300-ден аса әртүрлі компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысады.
Көрменің жалпы ауданы шамамен 20 мың шаршы метрді құрайды.
Ауқымды іс-шараның экспозициясы мен бай іскерлік бөлігі ауылшаруашылық тақырыптарына арналған түрлі іс-шаралардың тұтас сериясын қамтиды. KazAgro/KazFarm-2022 көрмесінің қонақтары бірқатар арнайы іс-шараларға жеке қатыса алады.
Көрмелер тарихында алғаш рет 2022 жылы асыл тұқымды қошқарлар мен ешкілердің ұрықтарына аукцион өтеді. Аукционның ерекшелігі - жануарларды іріктеуде, соның арқасында ет, сүт және жүннің ең жоғары сапасына қол жеткізуге мүмкіндік бар. Көрмеге «элита» класының асыл тұқымды аталықтары, Еділбай, Гэмпшир, Дорпер, Қаракөл, Меринос, Цвартблес тұқымдары, Заанен сүтті ешкілері қойылады. Шәуетті криоконсервациялау зертханада IMV технологиясы бойынша (Франция) жүргізіледі.
Аукционға қой шаруашылығының өкілдері де шақырылады. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін элиталық қой тұқымдарынан асыл тұқымды материалды пайдалану өзектілігі дені сау, өнімді мал алудың негізгі шарты. Айта кету керек, жануарлар сатылымға шығарылмайды. Аукцион KazAgro/KazFarm-2022 көрмесінің ашылу күні, 12 қазанда өтеді.
Сонымен қатар, көрме қонақтарына EXPO ХКО кіреберіс аумағында көшеде асыл тұқымды бұқалар мен қошқарлар көрсетіледі. Көрмеге қатысушылар «Әулиекөл», «Симментал», «Герефорд», «Ақбас» және басқа да асыл тұқымды бұқалармен таныса алады. Барлық малмен қамтамасыз еткен «Асыл түлік» АҚ асыл тұқымды орталық өкілдерінің айтуынша, мұндағы ірі қараның басым бөлігі Қазақстанға бейімделген.
KazAgro/KazFarm іс-шарасын 10 жылдан астам уақыт бойы өткізіп келе жатқан ExpoGroup халықаралық көрме компаниясы ұйымдастырады.
ExpoGroup директоры Шолпан Қожабаеваның айтуынша, жоба фермерлерге барлық бизнес шараларды үш күнде бір жерде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Тақырыбы бойынша KazAgro өсімдік шаруашылығының көрмесі тұқым таңдаудан бастап, дайын өнімге дейін және заманауи технологияларды қамтиды. Өз кезегінде KazFarm – эмбриондардан бастап, дайын өнімдер мен қызметтерге дейін толық қамтылған мал шаруашылығы және ет-сүт өнеркәсібінің көрмесі.
Іс-шараға қатысушылардың арасында қазақстандық фермерлер, көтерме және бөлшек сауда өкілдері, импорттаушылар мен экспорттаушылар, Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің уәкілетті мемлекеттік органдарының өкілдері, сала мамандары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары бар.
Көрмелердің бас демеушісі - «Ростсельмаш» компаниялар тобы. Көрмелердің ресми ашылуы 12 қазанда сағат 11.00-де EXPO көрме орталығында өтеді.
Көрмелердің ресми ашылуы: 2022 жылдың 12 қазаны, сағат 11.00.
Өтетін орны: Астана қ., Мәңгілік ел даңғ., 53/1 («EXPO» ХКО).
БАҚ-ты аккредиттеу 2022 жылдың 11 қазанында сағат 18:00-ге дейін жалғасады.
Аккредиттеу тізімдерін press@expogroup.kz поштаға жіберу керек
Байланыс телефоны: +77026670700, +77019992819