Астанада балабақша тәрбиешілері мүмкіндігі шектеулі балаларды қорлаған

0
425

Ғаламторды дүр сілкіндірген бейнежазбаға зер салсақ, тәрбиешілердің ерекше қажеттілігі бар балаларға күш көрсетіп, оларды қорлағаны анық байқалады.


Астанада балабақша тәрбиешілері мүмкіндігі шектеулі балаларды қорлаған

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде тараған видеода Елордадағы "Балам-ай" дамыту орталығының тәрбиешілері денсаулығында кінәраты бар балаларды ұрған, деп жазады exk.kz.

Ғаламторды дүр сілкіндірген бейнежазбаға зер салсақ, тәрбиешілердің ерекше қажеттілігі бар балаларға күш көрсетіп, оларды қорлағаны анық байқалады. Алғашқыда бұл видеоны көрген ата-аналар бірден полицияға шағымданған. Дәл қазіргі таңда тәрбиешілердің үстінен қылмыстық іс қозғалыпты.


Құзырлы орган өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, 17 қаңтарда полицияға елорда тұрғыны "Балам-ай" баланы дамыту орталығында өзінің кәмелетке толмаған ұлына қатыгездікпен қарады деп шағымданған. Алматы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК 140-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша кінәлі адамдарға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады, делінген полицияның ресми хабарламасында.

Портал тілшісі желіні шулатқан "Балам-ай" дамыту орталығына хабарласып көрген. Алайда даулы мекеменің методисі сұмдық жағдайға қатысты мән-жайды түсіндіруден бас тартқан.

"Бұл оқиғаға қатысты әзірге ешқандай пікір білдіре алмаймыз. Дәл қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", деп "Балам-ай" орталығының әдістемешісі қысқа қайырды.