Астанада банк қызметкерлерін тұтқынға алған ер адамның соты басталды

0
1 195

Тергеу ақпаратынша, сол күні 30 жастағы сотталушы суицид жасау үшін дәрі ішкен.


Астанада банк қызметкерлерін тұтқынға алған ер адамның соты басталды

ERNUR.KZ. Астанада банк қызметкерлерін тұтқынға алған күдіктінің соты басталды. Сот отырысы кезінде осы оқиғаның мән-жайы жарияланды, деп жазады КТК.

Сотталушы Әлихан Мұрадов өз кінәсін мойындап отыр.
Тергеу материалдарына сәйкес, сол күні 30 жастағы сотталушы суицид жасау мақсатында дәрі ішкен. Бірақ препараттың әсері болмай, ол банк ғимаратына шабуыл жасауды ұйғарған. Оны құрықтау кезінде полицейлер атып тастайды деп үміттеніпті.
Сотта банк менеджерлері де оқиғаның мән-жайын айтып берді. Бір қыз үзіліс жасаймын деп, жалпы залдан шығып кеткен. Ал демалыс бөлмесінде отырғанда айқай-шуды естіген.
"13:52-де мен "102"-ге хабарластым. Жалпы залда неше адам бар екенін білмедім. Бірнеше адам бар шығар, теракт болуы мүмкін деп ойладым. Сосын бөлмеге кіріп, мен телефонмен сөйлесіп отырғанымды көрсе, қалай болады деген ой келді. Одан кейін шкафтардың арасына бұрышқа тығылдым да, отырдым. Сол жерде отырғанда полиция келіп қалады деп үміттендім", - дейді ол.
Бірақ қауіпсіз жерде көп отыра алмады. Мұрадов банкте басқа да қызметкерлердің бар екенін білді. Бір қызға қорқытып, басқалардың шыққанын талап еткен. Одан кейін өз талабын қағазға жазып, полицияға беруді бұйырған.
"Ол қызға қатты айқайлады, дөрекі сөздер де айтты. Әріптесім шығып, полицияға хатты беріп жүрді. Толығымен шыққан жоқ, кіреберісте қалдырып отырды", - дейді куәгер.
Мұрадов банкті кәдесыйға арналған тапаншамен басып алған, өтірік бомбаны да ұстап жүрді. Бөлімшеде бірнеше адамды тұтқынға алды да, барлық ақшаны мұқтаж адамдарға аударып беруді талап еткен. Бәрін үш сағаттың ішінде орындасын деді. Сосын "Менде динамит бар, тапанша мен азот-термиттік бомба да бар", - деп айқай салған.
Сотта Мұрадов кешірім сұрап, ешкімге зиянын тигізгісі келмегенін жеткізді. Оның кінәсі дәлелденсе, жеті жылдан 12 жылға дейін түрмеге тоғытылады.
"Әлихан Мұрадов қолда бар құралдардан жарылғыш құрылғының муляжын жасады. Сыйлық дүкенінен жеңіл тапанша сатып алған. Сол арқылы банк бөлімшесіне шабуыл жасап, банк қызметкерлерін кепілге алды. Осылайша Әлихан Мурадов ҚР ҚК 261-бабы 4-тармағының 2-бөлігінде көзделген әрекетке барды (кепілге алу)", - дейді Астана прокуратурасының аға прокуроры Раушан Ақшораева.