Астанада ер адамның балаларға шабуыл жасау дерегі: Оқу-ағарту министрлігі пікір білдірді

0
264

Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Астанада ер адамның балаларға шабуыл жасау дерегі: Оқу-ағарту министрлігі пікір білдірді

ERNUR.KZ. Астана қаласының тұрғын үй кешендерінің бірінде болған оқиғаға қатысты Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқығын қорғау комитені өкілдері пікір білдірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Астана қаласы Білім басқармасының мәліметтеріне сәйкес, оқиға 2024 жылғы 4 ақпанда сағат 14: 57-де болған. Белгісіз адам пәтерден шығып, балаларға зиян келтіре бастаған. Жағдай туралы білген кәмелетке толмағандардың бірінің әкесі дереу жедел жәрдем шақырған.

Кәмелетке толмаған балалармен бірге ата-аналар қалалық балалар ауруханасына жеткізіліп, үйге сағат 19:40-та жіберілді.

«Осы сынды оқиғалар қоғамда үлкен алаңдаушылық тудыруда. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық немесе қорқыту олардың қауіпсіздік, физикалық және эмоционалдық әл-ауқат құқықтарын бұзады. Қоғам, үкімет және құқық қорғау органдары мұндай оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ кінәлілерді жазалауды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауға міндетті», - делінген комитет хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.