Астанада қайтыс болған адамдарды емханаларға негізсіз тіркеген

0
470

Прокурорлар пациенттердің міндетті скринингін (жасы бойынша) және балалардың профилактикалық тексеруден өтпеуі, созылмалы аурулары бар пациенттерге дәрі-дәрмектерді уақтылы жеткізбеу фактілерін анықтады.


Астанада қайтыс болған адамдарды емханаларға негізсіз тіркеген

ERNUR.KZ. Елордалық прокуратура Астана қаласы Сарыарқа ауданының денсаулық сақтау ұйымдарының қызметінен бірқатар заң бұзушылықтар анықталды, деп жазады sputnik.kz.

Сарыарқа ауданының денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне жүргізілген тексеріс барысында қала аумағында тұрмайтын азаматтарды, сондай-ақ ұйымдардың қайтыс болған адамдарды негізсіз тіркегені анықталды.
Прокурорлар пациенттердің міндетті скринингін (жасы бойынша) және балалардың профилактикалық тексеруден өтпеуі, созылмалы аурулары бар пациенттерге дәрі-дәрмектерді уақтылы жеткізбеу фактілерін анықтады.
"Тексеру нәтижелері бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді. 12,5 мыңнан астам азаматтың құқығы қорғалды. Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген қалалықпрокуратура хабарламасында.