Астанада Қарулы күштердің әскери қызметшілері қаза тапқан батырларды еске алды

0
776

Жеңіс даңғылындағы Екінші дүниежүзілік соғыс жауынгерлеріне арналған монументалды кешенге гүл шоқтарын қою рәсіміне Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысты.


Астанада Қарулы күштердің әскери қызметшілері қаза тапқан батырларды еске алды

ERNUR.KZ. Астанада Қарулы күштердің әскери қызметшілері қаза тапқан батырларды еске алды, деп жазады zakon.kz.

Жеңіс даңғылындағы Екінші дүниежүзілік соғыс жауынгерлеріне арналған монументалды кешенге гүл шоқтарын қою рәсіміне Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысты.

Қазақстан жауынгерлерінің ерлігіне құрмет көрсету үшін монументке Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері, Қарулы күштер мен жергілікті соғыстардың ардагерлері, тыл еңбеккерлері, "Жас сарбаз" балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері келді.

Іс-шараға қатысушылар қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Рәсім соңында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов жиналғандарды Жеңіс күнімен құттықтады. Министр 9 мамыр - әлемді фашизмнен қорғап қалған ұрпақтың ерлігін еске алып, ризашылық білдіретін күн екенін айтты.