Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы басталды

0
658

Бүгін таңертең Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша қазылар алқасын іріктеу өтті.


Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы басталды

ERNUR.KZ. Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы басталды, деп жазады zakon.kz.

Елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған экс-Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша басты сот отырысы басталды.

27 наурыз күні таңертең Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша қазылар алқасын іріктеу өтті.

Қазылар алқасына 12 адам таңдалды: 10 негізгі, 2 резерв.