Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алып тасталды

0
594

Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінің аумағынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылы 80 жылдығына орай салтанатты түрде ашылған ескерткіші алып тасталды.


Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алып тасталды

ERNUR.KZ. Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алып тасталды, деп жазады tengrinews.kz.

Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінің аумағынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылы 80 жылдығына орай салтанатты түрде ашылған ескерткіші алып тасталды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды.

Ұлттық қорғаныс университеті ескерткіш шынымен алып тасталғанын растады және ол қазір қоймада. Редакция журналисі ескерткіш алынып тасталғанына көз жеткізу үшін университет аумағына барған болатын. Алайда журналиске кіруге рұқсат берілмеген. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ескерткішке қатысты ақпаратты алдағы уақытта беруге уәде етті.