​Астанада өртсөндірушілер жанармай бекетінде жарылыстың алдын алды

0
1 139

Өрт сөндіруге жеке құрамның 14 қызметкері мен 5 техника жұмылды.


​Астанада өртсөндірушілер жанармай бекетінде жарылыстың алдын алды

ERNUR.KZ. Астана қалалық ТЖД Астанада жанармай құю бекетінде көліктен өрт шықты, ол жарылысқа әкеп соғуы мүмкін еді. Болған оқиға туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Құтқарушылардың ақпараты бойынша, өрт Қорғалжын тас жолы, 6 мекен-жайындағы "Синойл" АЖҚС-да болған.

"АЖҚС аумағына №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі келгенде "KIA Sportage " маркалы автомобиль жанып жатқан. Жедел және кәсіби деңгейде істелген жұмыс пен дұрыс қабылданған шешімнің ақасында өрт жарылысқа ұласпады. Сондай-ақ, жақын орналасқан көліктер қауіпсіз қашықтыққа эвакуацияланды, осылайша қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болды", - делінген хабарламада.


Өрт 21.24-те ауыздықталып, 21.30-да сөндірілді. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. "KIA Sportage" автокөлігі толығымен жанып кетті, сондай-ақ, май құю колонкасының резеңке және пластмасса құралдары зардап шекті. © Астана қалалық ТЖД


Өрт сөндіруге жеке құрамның 14 қызметкері мен 5 техника жұмылды. Астана қаласы ТЖД өкілдері оның себебі анықталып жатқанын хабарлады.