Астанада тұрақта тұрған көліктен ер адамның мәйіті табылды

0
762

Автотұрақтағы көлік салонынан 49 жастағы ер адамның мәйіті табылған.


Астанада тұрақта тұрған көліктен ер адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Астанада тұрақта тұрған көліктен ер адамның мәйіті табылды, деп жазады inform.kz.

Қалалық поилция департаментінің хабарлауынша, 18 қазан күні автотұрақтағы көлік салонынан 49 жастағы ер адамның мәйіті табылған.

«Ол көлік салонында жалғыз болған, зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Факт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар жүргізілуде. Қосымша ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», - деп жазылған ресми жауапта.

Бұған дейін Facebook желісіндегі «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» тобында М. Мақатаев көшесіндегі жағалау маңындағы автотұрақта ер адам мәйіті табылғаны жазылған еді.