Астанада жастарға 7 бағытта тегін кеңес беретін орталық жұмысын бастады

0
1 452

«Біз биыл жастар жылына орай, бірегей жоба әзірледік. Ол жастарға арналған бірыңғай 2019 нөмерлі call орталығы іске қосылды


Астанада жастарға 7 бағытта тегін кеңес беретін орталық жұмысын бастады

ERNUR.KZ. Елорда жастары үшін түрлі сала бойынша тегін кеңес беретін бірыңғай байланыс орталығы өз жұмысын бастады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біз биыл жастар жылына орай, бірегей жоба әзірледік. Ол жастарға арналған бірыңғай 2019 нөмерлі call орталығы іске қосылды. Байланыс орталығының мақсаты - жастарды жиі мазалайтын сұрақтарға дер кезінде жауап беру. Одан бөлек, толығырақ кеңес алғысы келсе біздің орталыққа келуге де болады», - деді ол.

Сонымен қатар, жастар орталығының басшысы Астанада жастарға арналған коуоркинг орталығының ашылатынын сөз етті.

«Бүгінде коуоркинг орталығының жұмыс жоспары әзірленіп, бекітуге жіберуге дайын тұр. Ол бойынша елордада жаңа орталық құрылатын болады. Онда жас буын үшін түрлі үйірмелер мен секциялар және тағы басқа. Сонымен қатар, олар үшін жұмыс істеу тегін офис және интернетпен қамтамасыз етілетін болады»- деді Ү.Нұрпейісов.

Аталған Call-орталық 7 бағытта, атап айтқанда жұмысқа орналасу және бос жұмыс орындары, білім беру бағдарламалары, өз кәсібін ашуға және дамытуға арналған бағдарламалар, баспана алуға арналған бағдарламалар, тегін спорт секциялары мен түрлі бағыттағы үйірмелер, психологиялық және заң туралы тегін кеңес алу, ерікті (волонтер) болу мүмкіндігі бойынша жұмыс істейді.