Астанадағы альпинистер өлімі: күдікті қамауға алынды

0
580

Қылмыстық істі тергеу барысы қала прокуратурасының бақылауына алынды.


Астанадағы альпинистер өлімі: күдікті қамауға алынды

ERNUR.KZ. Астанада құрылыс алаңында альпинистердің құлау дерегі бойынша күдікті қамауға алынды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, тергеу барысында жұмыс беруші – ЖК басшысының қызметкерлердің қайтыс болуына қатысы бар екені туралы дәлелдер жиналды.

«Тергеу органы ЖК басшысына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - делінген ведомство хабарламасында.

Қылмыстық істі тергеу барысы қала прокуратурасының бақылауына алынды.

Еске салайық, 2023 жылдың 12 қазанында Астана қаласында төрт өнеркәсіптік альпинист биіктіктен құлап, олардың үшеуі қайтыс болған еді.

Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігіне сәйкес «Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.