Астанадағы әуежайда тұрақтың бағасы қымбаттады

0
1 252

Әуежай кешені алдындағы тұрақтың P4-P6 аймағына көлік қалдыру құны екінші және үшінші тәулікте 2 000 теңге, 3 тәуліктен артық болған жағдайда тәулігіне 3000 теңге болады


Астанадағы әуежайда тұрақтың бағасы қымбаттады
ERNUR.KZ. Бүгіннен бастап Астанадағы халықаралық әуежайдың аймағында көліктер үшін тұрақтың бағасы көтерілді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Әуежай кешені алдындағы тұрақтың P4-P6 аймағына көлік қалдыру құны екінші және үшінші тәулікте 2 000 теңге, 3 тәуліктен артық болған жағдайда тәулігіне 3000 теңге боладыү Ал P1-P3 аймағында бірінші және екінші күні - 3000 теңге, ал үшінші тәуліктен бастап 4000 теңге болады.
"Сондай-ақ жабық тұраққа көлік қалдырсаңыз, кейінгі тәулікте көктем-жаз мезгілінде тәулігіне 3000 теңгеге, күз-қыс мезгілінде 4000 теңгеге дейін өседі", - дейді әуежай мамандары.
Қазіргі кезде жолаушылар өз көліктерін 7 тәуліктен 40 тәулікке дейін әуежай тұрағына қалдырып кетеді. Соның салдарынан басқа адамдар тұрақтан бос орын таба алмай жатады. Оған қосай, қыста қар тазалау жұмыстарына да кедергі келтіреді.

Әуежайдың тұрағы көлікті қысқа мерзімге қалдыруға арналған. Ал ұзақ мерзімге қалдырушылар тегін тұрақты пайдалана алады.