Астанадағы өрт: премьер-министр қосымша шаралар қабылдауды тапсырды

0
965

Қатты соққан жел, батпақты жер, сондай-ақ техника өтетін жол болмағандықтан тілсіз жауды ауыздықтау мүмкін болмай тұр.


Астанадағы өрт: премьер-министр қосымша шаралар қабылдауды тапсырды

ERNUR.KZ. Премьер-Министрі Әлихан Смайыловқа төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Астана маңындағы өртенген қамысты сөндіру туралы ақпарат берді, деп жазады sputnik.kz.

ТЖМ басшысының айтуынша, Талдыкөл жақтағы сортаң жерде шамамен 15 га алқапта қамыс пен қураған ағаштар жанып жатыр. Абырой болғанда тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Өртті сөндіруге 158 адам және 33 техника жұмылдырылған. Қатты соққан жел, батпақты жер, сондай-ақ техника өтетін жол болмағандықтан тілсіз жауды ауыздықтау мүмкін болмай тұр.
Әлихан Смайылов төтенше жағдайлар министріне арнайы күштер мен техника жұмылдыру жұмыстарын күшейтіп, тілсіз жауды ауыздықтауға қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.